Экономика

Көгілдір отын Қарағанды өңірінен көмірді ығыстырып шығара ма?

© Photo : Steve Buissinne Газ
Газ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Газ көмірге бәсекелес бол ала ма, шахталар мен кеншілерге не болмақ деген сұрақтарға Қарағанды облысы басшысы жауап берді

АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. Қарағанды облысында газдандыру өңірдің көмір саласына ешқандай әсер етпейді, деп мәлімдеді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Газ құбыры - Sputnik Қазақстан
Экономика
Бозымбаев Астанаға газ тартуға ақша қайдан алынатынын айтты

"Кеншілер де, шахталар да жұмыс істей береді. Өңірді газдандыру облыстың көмір саласына зиянын тигізбейді, біз бұл жағын зерттедік. Жыл сайын облыста 32 миллион тонна көмір аламыз, шаруашылық-тұрмыстық қажеттілік тек 10%-ды ғана қамтиды, мұны кейін газ алмастырады", — деді Қошанов баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, өндірілген көмірдің басым бөлігі металлургияда жұмсалады.

"Әлемде металға сұраныс өсіп келе жатқанын ескерсек, көмірге де сұраныс көбейеді. Болашақта тағы да шахта салуымыз мүмкін. Көмір шығару көлемі қысқармайды", — дейді әкім.

Қазақстанда Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана – Көкшетау – Петропавл бағдары арқылы өтетін "Сарыарқа" қаз құбыры жүргізілмек. Құрылысы биыл шілдеде басталады.

Жаңалықтар
0