Спорт

Паралимпиада чемпионы 250 мың долларды қайда жұмсайды?

© REUTERS / Carl RecineАлександр Колядин
Александр Колядин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Паралимпиада чемпионы Александр Колядин сыйақысын қайда жұмсайтынын айтты

АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. Пхенчхандағы Паралимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы берілді.

Александр Колядин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Паралимпиада-2018: жеңімпаздар жүлдесі үшін қанша сыйақы алады?

Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі спорт істері және дене шынықтыру комитетінің мәліметі бойынша, төлемақылар толығымен берілген.

Паралимпиада-2018 кезінде қазақстандық шаңғышы Александр Колядин республика тарихында алғаш рет алтын жүлдеге ие болған еді. Тағы бір шаңғышы Александр Герлиц 20 километрлік қашықтықта төртінші келіп, биатлон жарысында 12,5 километрлік қашықтықта алтыншы орын алды. Сонымен бірге Колядин мен Герлиц Денис Петренкомен бірге эстафеталық жарыста алтыншы орынды иеленді.

Паралимпиада чемпионы Александр Колядин Sputnik агенттігіне берген сұхбатында өміріндегі ең басты арманы орындалғанын айтты.

Александр Колядин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Паралимпиада: қазақстандық шаңғышы тарихта алғаш рет алтын жүлде иеленді

"Қазір Сарыкөл ауылындамын, қаражатты алдым, әлі қараған жоқпын. Қайда жұмсайтынымды білмеймін. Ақша ең маңызды дүние емес екенін айтқым келеді. Мен ақша үшін емес, елім мен өзімнің абыройым үшін тер төктім. Бізді, мүгедектерді, сыйласын дедім. Пәтер алып беретін болды, бәрі бар. Алда әлем чемпионатына дайындалмақпын", — дейді атлет.

Айта кетсек, елімізде Олимпиада және Паралимпиадада жүлделі орындар иеленген отандастарымызға келесі мөлшерде сыйақы беріледі: алтын медаль – 250 мың доллар, күміс жүлде – 150 мың доллар, қола – 75 мың доллар. Ал, төртінші, бесінші және алтыншы орындар үшін тиісінше 30, 10 және 5 мың доллар төленеді.

Жаңалықтар
0