АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. 15 маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Бұл туралы мәжілістің сайтында хабарланды.
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2018 жылдың 15 маусымында сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын", — деп жазылған өкімде.