Спорт

Головкин IBF белбеуімен бірге тағы бір үлкен шығынға ұшырады

© AFP 2024 / Frederic J. BrownГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеше IBF Геннадий Головкинді чемпиондық белбеуден ресми түрде айырған болатын

АСТАНА, 8 маусым — Sputnik. The Ring р журналының авторы Майк Коппинджер Халықаралық бокс федерациясының (IBF) қазақстандық Геннадий Головкинді (38-0-1, 34 КО) чемпиондық белбеуінен айыру шешіміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин чемпиондық белбеуінен ресми түрде айырылды

"Сонымен бірге, Головкин екі ұдай жағдайда отыр. Ол "Қанеломен" жұдырықтасқысы келеді, алайда ақшаның тең жартысын алса ғана. Оған белбеу әрқашан маңызды болды, Геннадий 2015 жылы Давид Лемьеден IBF белбеуін тартып алған кезде өзінің барлық төрт белбеуді иелену мақсатына бір табан жақындады. Ол бірнеше күннің ішінде өз белбеулерінің бірін жоғалтты, сондай-ақ біраз гонорарынан айырылған болуы мүмкін", — деп жазды журналист.

Естеріңізге сала кетейік, кеше IBF Геннадий Головкинді чемпиондық белбеуден ресми түрде айырды, өйткені қазақстандық боксшы 3 тамызға дейін украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы міндетті жекпе-жекке шығудан бас тартқан.


Жаңалықтар
0