Қоғам

FIFA-2018: Қарин қазақстандықтарды ашық аспан астында матч көруге шақырды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өту2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының ресми добы, архивтегі фото
2018 жылғы футболдан әлем чемпионатының ресми добы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатын "Qazaqstan" және "QAZSPORT" арналарынан тамашалай алады

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Отандық "Qazaqstan" және "QAZSPORT" телеарналары футболдан әлем чемпионатының барлық 64 матчын көрсетеді. Бұл туралы бүгін "Қазақстан" РТРК АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Футболдан әлем чемпионатына арналған айшықты граффити - Sputnik Қазақстан
Фото
Футболдан әлем чемпионатына арналған айшықты граффити
 

"ФИФА-2018 чемпионатын "Qazaqstan" ұлттық арнасы мен "QAZSPORT" арнасы көрсететін болды. Осындай маңызды келісімге қол жеткіздік. Біздің көрермендер әлем біріншілігінің барлық 64 матчын осы екі арнадан тамашалай алады. Сондай-ақ, телеарналарда әлем чемпионаты аясында бірқатар маңызды тележоба ұйымдастырылмақ. Атап айтқанда, 14 маусымнан бастап 15 шілдеге дейін әр матчтың алдында ақпараттық-сараптамалық бағдарлама шығады. Бұл бағларламада алдағы ойындардың ерекшеліктері талданып, сарапшылар өз ой-пікірімен бөліседі. Бұған қоса,  әдеттегідей өткен матчтарға байланысты күн сайынғы және апталық шолулар да болады. "Әлем чемпионатының тарихы" атты арнайы ақпараттық-танымдық хабар көрсетіледі. Бұл хабарда 1930 жылдан бастап өткен барлық әлем чемпионатына талдау жасалып, қысқаша тарихы, сол чемпионаттарда өткен қызықты оқиғалар мен деректер қамтылады", — деді Қарин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Ол әлем чемпионатының ойындарын көрсетуге еліміздің мықты футбол сарапшылары тартылғанын атап өтті. 

"Екі арнада да арнайы комментаторлар тобы құрылған. Олардың арасында Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян, Дмитрий Мостовой, Жандос Смаилов, Жігер Азбергенов бар. Жалпы 16 сарапшы-комментатор тартылады. Сондай-ақ оқиға алаңынан тікелей хабар тарату үшін Руслан Бақытжан мен Тимур Сүлейменов бастаған түсірілім тобы Ресейге арнайы жіберіліп отыр", — деді ол. 

Футбол - Sputnik Қазақстан
Спорт
Ресей спорт шебері Қазақстан футбол құрамасын жаттықтыратын болды

Қарин футболсүйер қауымға тағы бір қуанышты хабарды жеткізді. 

"Келесі апта, 14 маусымда әлем чемпионаты салтанатты түрде ашылады. Сол күні кешкі сағат 19:30-да Астана тұрғындары мен қонақтары ашылу рәсімі мен чемпионаттың алғашқы матчы "Ресей-Сауд Арабия" ойынын ашық аспан астында үлкен экраннан тамашалай алады. Барлығын осы шараға шақырамыз. Арнайы көрсетілімге еліміздің белгілі тұлғалары, танымал спортшылар келеді", — деп түйіндеді ол.

Жаңалықтар
0