Қоғам

Ғалымдар көп ұйықтаудың неге қауіпті екенін айтты

© РИА Новости / Медиабанкке өтуҰйқы
Ұйқы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күніне бес сағаттан аз немесе он сағаттан көп ұйықтайтындарда деменцияға шалдығу мен ерте өлу тәуекелі жоғары екен

АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Жапон ғалымдары тым аз ұйқы мен тым көп ұйқы алпыс жастан асқан адамдарда ақыл-естің кемуі мен ерте өлу тәуекелін арттыратынын анықтады.  

Зерттеуге барлығы 1517 адам қатысқан, олардың денсаулығы 10 жыл бойы бақыланды. Осы уақыт аралығында 294 еріктінің ақыл-есі кемісе,  282-сі көз жұмған. Ақыл-естің кемуі мен ерте өлу көрсеткіштері ұйқыға 5-6,9 сағат бөлгендермен салыстырғанда бес сағаттан аз немесе тәулігіне 10 сағаттан көп ұйықтағандарда жоғары болған, деп жазады РИА Новости.

Жүрек - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ғалымдар адамды ажалдан құтқаратын әнді анықтады

Бұған дейін Колорадо штаты, Боулдер университетінің зерттеушілері бір-екі түн ұйықтамай жүру адам организміндегі жүзден астам ақуыздың жұмысын бұзатынын анықтаған еді. 

Ғалымдардың сынағына 30 жасқа дейінгі дені сау алты ер адам қатысты. Олар алты күн бойы жабық бөлмеде дәрігерлердің бақылауында болды: олардың белсенділігі, диетасы, ұйқысы мен тәулігіне алатын жарық мөлшері тіркеліп отырды. Алғашқы екі күнде қатысушылар қалыпты күн тәртібімен өмір сүрді, кейін басқа режимге ауысты: түнде белсенділік танытып, тамақтанса, күндіз сегіз сағат ұйықтайтын болған. Әр төрт сағат сайын мамандар ер адамдардан қан талдауын алып отырды. 

Боулдер университетінде жасалған құрылғының көмегімен ғалымдар мыңнан астам ақуыздың жұмыс "кестесін" анықтады. Белгілі болғандай, күн тәртібінің ауысуы 129 қосылыстың өзгеруіне әкеп соққан.

Жаңалықтар
0