Кей деректерге сүйенсек, қаза тапқандар саны 65 адамға жеткен, зардап шеккендер мен жарақат алғандар саны да көп.
Алапат табиғи апаттың салдарын фотолентамыздан көріңіз.

1/11
© REUTERS / Terray Sylvester
Фуэго испан тілінен аударғанда "Отты жанартау" дегенді білдіреді. Гватемаланың батыс жағында орналасқан, теңіз деңгейінен биіктігі 3 мың 763 метр.

2/11
© AFP 2024 / ORLANDO ESTRADA
Табиғи апат салдары 1,7 миллиона адамға ықпал етті. Гватемаланың жалпы халқының саны - 16,6 миллион адам.

3/11
© AFP 2024 / ORLANDO ESTRADA
Аузынан от шашқан "құбыжық" Антигуа қаласының маңында орналасқан.

4/11
© AFP 2024 / ORLANDO ESTRADA
Фуэго жанартауы соңғы рет 2015 жылы атқылаған.

5/11
© AFP 2024 / ORLANDO ESTRADA
Фуэгоға жақын орналасқан елді мекендердің бәрі жанартау күлінің астында қалды.

6/11
© REUTERS / Fabricio Alonzo
Қарапайым халық үйін тасап кетуге мәжбүр.

7/11
© AFP 2024 / NOE PEREZ
Үш мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.

8/11
© REUTERS / Luis Echeverria
Ондаған адам із-түзсіз жоғалып кеткен.

9/11
© AFP 2024 / JOHAN ORDONEZ
Гватемала астанасындағы Ла Аврора әуежайы жабылды.

10/11
© AFP 2024 / NOE PEREZ
Мамандардың айтуынша, жанартау теңіз деңгейінен 10 километр биіктікке күл шашқан.

11/11
© AP Photo / Santiago Billy
Фуэго - Гватемаладағы ең белсенді жанартаулардың бірі.
