Видео

Нидерланды премьер-министрі парламентте еден жуды

Жазылу
Нидерланды премьер-министрі Марк Рютте парламентте еденге кофе төгіп алды, алайда еден жуушының мазасын алмай, швабраны өзі қолына алды

Марк Рютте парламентте қағаз стақандағы кофесін төгіп алған. Ол техникалық қызметкерді әбігерге салмай өзі тазалауға шешім қабылдаған. Оқиғаға Голландияның Түркиядағы елшісі Кис ван Бек куә болыпты.  

Премьердің әрекеті еден талаушыларды таңғалдырды, олар премьер-министрді қол соғып қошеметтеді.  


Жаңалықтар
0