Өңірлер

Шымкентте көлік жарысына ресми рұқсат берілді

© pixabayАвтокөліктің доңғалағы
Автокөліктің доңғалағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дрэг Реисинг бойынша 201 метрлік жарыс Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ресми ұйымдастырылды

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Шымкентте көлік жарысына ресми рұқсат берілді. Тек жылдамдыққа жаны құмар азаматтар қала көшелерінде емес, арнайы орындарда өзара мықтыны анықтайды. Бұл хабар ел арасында тарауы сол екен, 30-ға жуық жүргізуші бақ сынауға өтініш беріпті, деп хабарлады ТВК арнасы.

Күн батареясымен жүретін көліктер жарысы - Sputnik Қазақстан
Австралияда күн батареясымен жүретін көліктер жарысы болды

Төлеби ауданына қарасты Сұлтан Рабат ауылындағы аэродром ұшаққа емес, сәнді көліктерге толы. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, көрерменде көп келіпті. Арасында, жас балалар мен сұлу бойжеткендерде кездеседі. Осы бір көрініс голивудтың „Форсажын„ еске салатындай.

"Дрэг Реисинг бойынша 201 метрлік жарыс Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ресми ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін әр жерде жасырын өткізіп келдік. Оның өзінде бірде бар, бірде жоқ. Ал, бүгін ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, барлығы керемет өтуде", — дейді ұйымдастырушы Александр Громов.

Жарысқа ресми рұқсат берілгенін естігенде бөркін аспанға атып қуанғандардың бірі Николай Титерин. Себебі соңғы 5 жыл көлемінде сүйікті ісімен заңсыз айналысып келіпті. Ал, енді жасырын әрекетке бармайтын болдым дейді. Сондай-ақ, бұл бастама жастарды жақсылыққа бастайды деген пікірде.

"Бұл жерде бәрі заңды. Өтініш беріп, тіркелеміз. Лиценизия аламыз. Сол үшін қатысуға шешім қабылдадым. Мұндағы әрдір қатысушы көлігін даярлайды. Қозғалтқышын ретке келтіріп, мықты екенін дәлелдеуге мүмкіндік алады. Әсіресе жастар тапқан ақшасын жамандыққа емес, темір тұлпарына жұмсайды", — деп атап өтті Қатысушы Николай Титерин.

Көліктер бәйгесінің ұйымдастырылғанына көрермен қатты қуанды. Айтуыларынша, кинодан көрген қызықтары көз алдында болып жатыр. Әсіресе, гүрілдеген қозғалтқыш дауысы мен сәні келіскен машиналар, еріксіз таңдай қақтырады дейді.

Көліктер жарысында ресейлік қатысушы 300 км/сағ жылдамдықпен келе жатып аударылды - Sputnik Қазақстан
Видео
Көлік жарысында ресейлік қатысушы 300 км/сағ жылдамдықпен келе жатып аударылды

"Мен мұнда балаларымды ертіп келдім. Оларды автоспортқа баулығым келеді. Өзімнің де қатысқым келген. Бірақ үлгермедім. Сондықтан аздаған өкінішім бар. Дегенмен, ұйымдастыру жағына айтар сөзім жоқ. Барлығы керемет өтуде. Тек бір өтінішім бар. Жарыс әлемдік стандартқа сай 402 метр болса екен", — дейді көрермен Жандос Байғазин.

Өңірде тұңғыш рет ұйымдастырылған Дрэг Ресингке 30-ға жуық көлік қатысуда. Олар қозғалтқыш көлеміне қарай үш топқа бөлінген. Жүзден жүйрік шыққандар демеушілер тарапынан сый-сияпатқа ие болмақ.

 

Жаңалықтар
0