Қоғам

KADEX-тегі кісі өлімі: зейнеткерді көрмеге кім кіргізген?

© Sputnik / Болат ШайхиновКАDEX-2018
КАDEX-2018 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тергеуге негіз болған бап бойынша сотталушы төрт жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

АСТАНА, 5 маусым  — Sputnik. Полицейлер KADEX көрмесіндегі адам өлімінің мән-жайын анықтап жатыр.

КАDEX-2018 көрмесі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр KADEX көрмесінде көз жұмған адам туралы: ол өзі кінәлі

Астана ішкі істер департаменті Қылмыстық кодекстің 306-бабы (Қауіпсіздік талаптарына сай емес қызмет көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

"Көрме аумағында ақпараттық-жарнамалық қалқан орнатушы мердігер ұйымға қатысты тексеру шаралары орындалып, сараптамалар тағайындалды", — деп мәлімет берді ІІД.

Олардың айтуынша, қаза тапқан ер адам маман емес, көрменің ұйымдастырылуына еш қатысы жоқ. Қазір полицейлер 66 жастағы ер адамға кім және қашан көрмеге кіруге рұқсатнама бергенін анықтап жатыр.

"Оқиға болған күні желдің күшеюі және ауа райының бұзылуы туралы СМС-хабарламалар таратылған", — деп атап өтті ІІД.

КАDEX-2018 көрмесі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
KADEX-те көз жұмған ер адамның ұлы: министрдің сөзі есеңгіретіп тастады

24 мамырда  Астанадағы  KADEХ-2018 жабық күні көрме аумағында зейнеткерге ақпараттық стенд құлап кетті. Ер адам алған жарақатынан ауруханада көз жұмған.

Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдегендей, келушінің KADEХ көрмесіне заңсыз кіруі мүмкін емес. Марқұмның баласы Sputnik агенттігіне берген мәліметі бойынша, әкесі қырық минуттай жедел жәрдем көлігінде жатқан.

Жаңалықтар
0