АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Гватемалада Фуэго жанартауы атқылауынан қаза тапқандар саны 65 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости Prensa Libre порталына сілтеме жасап.
Елде табиғат апаты салдарынан ажал құшқандарды жерлеу басталды. Үш күндік аза тұту жарияланған. Жексенбі 3 маусымда басталған жанартау атқылауы аяқталып қалды, алайда көп ұзамай лай ағыны елді мекендерді басуы ықтимал.
Жанартау атқылауы салдарынан әуелі Эль Родео ауылы зардап шекті, елді мекен лава астында қалыпты. Көптеген адамдар уақытында қауіпсіз жерге көшіп үлгермей, өз үйлерінде қаза тапты. Аспаннан ыстық күл төгілгенде, адамдардың көпшілігі зардап шеккен. Жанартау атқылауының ең төбесінде түтін биіктігі 10 километрге жеткен.
Жанартау атқылауы Гватемала халқының 10 пайызына әсер етті.
Соңғы деректер бойынша, апат салдарынан 46 адам жарақат алып, 3,26 мың адам эвакуацияланды, уақытша баспаналарға 1,68 мың адам орналастырылған.
#VolcánDeFuego 🌋 hace erupción en #Guatemala 🇬🇹 pic.twitter.com/rLgiyJxyaN
— Noti Bomba (@notibomba) 3 июня 2018 г.