Әлем

Жанартаудан атқылаған лаваға түсіп кетсеңіз не болады?

© AP Photo / Salvatore AllegraЖанартау
Жанартау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жанартауларды зерттеу орталығының химигі айтқандай, лаваға түскен кезде адамның тері астындағы майы "қайнап кетеді"

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik. Гаваи аралдарында Килауэа жанартауы атқылап, температурасы 1170 градус қайнаған лава жол бойымен ағып жатыр.

The Verge басылымы лаваға түскен кезде, адам ағзасына не болатынын білуді жөн көріпті.

"Лаваға түскеннен кейін бірден өлмейсіз. Бірақ жаныңыз көзіңізге көрінетіні рас: бүкіл жүйке талшықтары зақымдалып, тері астындағы май "қайнап кетеді", — деп мәлімет берді жанартауларды зерттеу орталығының химигі Дэвид Дэмби.

Лаваға құлап кету – мүлдем бөлек оқиға. Жоғары температурадан адам ағзасының түгі қалмай өртеніп кетуі ықтимал, ал ағзадағы су қайнай бастайды. Бірақ ғалымдардың айтуынша, лаваға батып кету мүмкін емес, өйткені оның консистенциясы қойыртпақ әрі жабысқақ.

"Сол себепті сіз ағып жатқан лаваның үстінде отырасыз", — деп пайымдайды Конкорда университетінің вулканологы Джанин Крипнер.

Ал ағыстың беті, сарапшылардың айтуынша, тез суып, қыртыс тәріздес болып қалады. Сол себепті оның үстімен жүгіріп өтуге де болады, бірақ мамандар оған кеңес бермейді.

Көбінесе адамдардың лавадан қашып үлгеретіндей уақыты бар. Алайда тарихта бірқатар қайғылы оқиғаларда болды: Невадо-дель-Руиса жанартауы атқылаған кезде, кей деректер бойынша, 20 мың адам қаза тапқан.

Жаңалықтар
0