Қоғам

Жезқазған әкiмiнiң орынбасары жарты миллион теңге парамен ұсталды

© SputnikПара
Пара - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік қызметкер ЖШС өкілінен пара алғанын толығымен мойындауына байланысты қамауға алынған жоқ

АСТАНА, 4 маусым — Sputnik. Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Орынбаев шұғыл-іздестіру шаралары барысында 550 мың теңге парамен ұсталды, деп хабарлады мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкiлi Нұрлан Жахин.

ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Энергетика вице-министрі үй қамаққа алынды

Жахиннің айтуынша, Орынбаев қаладағы сумен жабдықтау желілерін қайта құру жұмыстарының актісіне кедергісіз қол қою үшін ЖШС өкілінен пара алды деген күдікке ілінген. 

"Әкімнің орынбасары кінәсін толық мойындауына байланысты ұсталмады. Пара берушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", — деді Жахин.  

Естеріңізге сала кетейік, ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев үй қамаққа алынды. Ол Бурабайдағы көлді тазарту жұмыстары кезінде жемқорлық қылмысқа барғаны анықталған. 

Бақытжан Жақсалиев әр жылдары KEGOC, "КОРЭМ", "Пауэр Инжиниринг", "ҚазТрансГаз" және "ИнтерГаз ЦА" компанияларында қызмет атқарды. Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болды. 


Жаңалықтар
0