Спорт

Головкин – "Канело" реваншына қатысты жұрт күтпеген жаңалық жарияланды

© REUTERS / Las Vegas Sun/Steve MarcusСауль "Канело" Альварес пен Геннадий Головкин
Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Журналист Дэн Рафаельдің айтуынша, Головкин мен Альварестің өкілдері бірнеше аптадан кейін келісімге келеді

АСТАНА, 3 маусым — Sputnik. ESPN тілшісі Дэн Рафаэль қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің қарымта кездесуіне қатысты келіссөздер қайта жүргізіле бастағанын мәлімдеді, деп хабарлады prosports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Өзбектер Головкин мен Қайрат Нұртасты білмейтін болып шықты – видео

Журналистің сөзінше, Головкин мен "Канелоның» командалары бірнеше күн бұрын келіссөздердің тоқтатылғанын мәлімдеген еді. Алайда олар қарымта кездесуді қайта талқылай бастаған.

Рафаельдің айтуынша, Головкин мен Сауль Альварестің өкілдері бірнеше аптадан кейін келісімге келеді.

Естеріңізге сала кетсек, Головкин мен "Канелоның" қарымта кездесуіне қатысты келіссөздер қаржылық дауға байланысты тоқтатылған еді. Мұнан кейін Головкиннің промоутері "Канелоға" қатысты қаржылық даудың неден туындағанын түсіндірді.

 

Жаңалықтар
0