АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. ОҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Н.С.Теңлібаевтың пара алғаны әшкереленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ОҚО мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Н.С.Теңлібаевтың пара алғанын әшкереледі. Ол қылмыстық схема ұйымдастырып, оған өзіне бағынатын төрт кеден бекетінің жетекшілерін тартқан. Осылайша кәсіпкерлерден олардың сыртқы экономикалық қызметіне қамқорлығы үшін жүйелі түрде пара алып тұрған", — делінген хабарламада.
2017-2018 жылдары аралығында алған заңсыз сыйақы мөлшері 1,2 миллион АҚШ долларын құрады. Теңлібаев ҚПҚ 128-бабы негізінде ұсталды, қазір ол уақытша ұстау изоляторында жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.