АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Қайрат Сұнтаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
"Қайрат Иматұлы Сұнтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметіне тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін бұл лауазымды атқарған Талғат Татубаев қызметінен босатылды.
Сондай-ақ Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.