Өңірлер

Менингит Қызылорда облысына да жетті

CC0 / Engin_Akyurt / Науқас
Науқас - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірде ер адам ауыр хәлде ауруханаға түсті

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Қызылорда облысында Жаңақорған ауданында бір адам менингит дертіне шалдықты.

Сәби - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Көкшетауда 10 айлық сәби менингит диагнозымен ауруханаға түсті

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, бейсенбі 31 мамырда аудандық жұқпалы аурулар емханасына менингококк инфекциясын жұқтырған 27 жастағы ер адам түсті, оған тиісті сараптамалар мен емдеу жолдары тағайындалды.

"Бүгін дәрігерлер науқастың хәлі ауыр, бір қалыпты деп бағалады. Онымен байланыста болған 11 адам бақылауға алынды. Өңірде менингококк жұқпасын ертерек анықтау бойынша профилактикалық шаралар атқарылып жатыр", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жаңалықтар
0