АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Петропавлда "бомба қойылған" "Сити молл" сауда ойын-сауық орталынан жарылғыш зат табылмады, деп хабарлады Sputnik-ке Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Күннің алғашқы жартысында полицияға "Сити молл" сауда ойын-сауық орталына жарылғыш зат қойылды деген жасырын қоңырау түсті. Оқиға орнына шұғыл әрекет ету қызметі келді, жақын маңдағы аумақ қоршауға алынды. Ғимараттан 300-ге тарта адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сауда орталығындағы қауіпті затты іздеу бірнеше сағатқа созылды.
Нәтижесінде жарылғыш құрылғы және өзге де күдікті зат табылмады. Аталған факті негізінде ҚР ҚК 273-бабы (терроризм актісі туралы жалған хабар беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп түсініктеме берді ІІД.