Өңірлер

"20 мыңды ұсақтап беріңізші". Жақсылық жасаған шымкенттік оңбай алданды

© Sputnik / Болат ШайхиновАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалған купюралармен алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөліміне биылғы жылдың сәуір айында жергілікті тұрғын арызданды, деп хабарлады ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Шағымданушының айтуынша, мейрамханалардың бірінде оған ер адам келіп, 20 мың теңгелік 2 купюраны ұсақтап беруін өтінген. Алайда кейіннен купюралар жалған екені анықталған. Аталған жайт "алаяқтық" бабы бойынша тіркелді.

Қарт ер адамның архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодарда ардагердің үйіне жылынып алуға кірген әйелдер алаяқ болып шықты

Шымкент ҚІІБ Абай ПБ полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, күдікті қылмысын мойындады. Тергеу кезінде оның осыған ұқсас қылмысқа қатысы бары анықталды. Мамыр айында алаяқ Шымкент қаласындағы мейрамханалардың бірінде жалған купюраларды осылайша ұсақтаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 80 мың теңгені құрады.

Қазіргі таңда алаяқтық жайты бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы барын тексерілуде.

Шымкент қаласы полицейлері тұрғындарға мұқият болып, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде түрлі алаяқтардың қармағына түспеу үшін сақ болуға кеңес береді.

Осыған ұқсас қылмыстың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада "102" телефон нөмірі бойынша полицияға хабарлаңыз. 


Жаңалықтар
0