Өңірлер

Forbes Kazakhstan бас редакторы орынбасарының үйі тінтілді

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицей
Полицей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл – Алматы полициясы Александр Воротиловтың пәтерінде жүргізген екінші тінту

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Forbes Kazakhstan бас редакторының орынбасары Александр Воротиловтың үйінде бүгін таңертең кезекті тінту жүргізілді. Ол бұл ақпаратты Sputnik-ке растап, бірақ толығырақ мәлімет беруден бас тартты.

Сот ісі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ratel порталы сот шешімімен бұғатталды

"Ақпарат таратпау туралы қолхат жазып бергенмін, ештеңе айта алмаймын. Бір айтарым, бұл бұрынғы іс бойынша", — деп жауап берді Воротилов телефон арқылы.

Бұл Воротиловтың үйінде жүргізілген екінші тінту, бірінші рет 2 сәуірде болған еді.

Сонымен бірге, сәуірдің басында полиция Forbes Kazakhstan мен Ratel.kz интернет-порталының редакцияларын тінткен болатын.

Ratel.kz кеңсесінен құжаттар мен компьютерлер алынды. Сайттың марқұм тілшісі Геннадий Бендицкийдің пәтері де тінтілді.

Александр Воротилов, Ratel.kz порталының бас редакторы Марат Әсіпов, оның орынбасары Сапа Мекебаев және шолушы Анна Калашникова ұсталып, кейінірек босатылды. Алайда тергеу жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0