АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында дауыл салдарынан 11 ғимараттың шатыры ұшып кетті.
Қатты желдің жылдамдығы 29 м/с-қа жетіп, екі мектеп-гимназияның шатырын бүлдірген. Қалалық көп бейінді қазақ мектебінің шатырына келген зақым ауданы 450 шаршы метр, №10 мектеп-гимназияда – 78 шаршы метр.
Аягөз ауданы Мамырсу ауданында Ғаббасов атындағы орта мектеп шатырсыз қалды. Ауданы – 120 шаршы метр.



Жарма ауданы Қалбатау ауылында қатты желден аудандық аймақтық инспекция ғимараты зардап шегіпті. Шар қаласында "Балауса" балалар бақшасының 450 шаршы метр шатыры ұшып кетті.
Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет баспасөз қызметі хабарлағандай, зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, оқиға орнында жергілікті атқарушы орган комиссиясы жұмыс істеп жатыр.