Спорт

Жұмаев шыңға шыққанда альпинистердің мәйітіне кез болғанын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновМақсұт Жұмаев
Мақсұт Жұмаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Альпинист шыңға шығу барысындағы кедергілер туралы айтты

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Танымал қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Эверестке екінші рет шыққан сапары туралы айтты.

Жұмаев 18 мамырда әлемнің ең биік нүктесі Эвересті екінші рет бағындырған болатын. Ол бұл сапарын Астананың 20 жылдығына арнады.

"Шығу кезіндегі ең қиыны, экспедицияға қатысушылардың бәрі дерлік ауырып шықты. Вирустық жұқпа тарап, бүкіл лагерді шалдықтырды. Тәжірибеміздің арқасында ауруды жеңіп шықтық. Бәрі шетінен ауырып, бес күн бойы күшті антибиотиктер іштік. Ақыры спорттық шыныққанымыз бен өзім қадағалайтын әскери тәртіп нәтижесін берді", — дейді Жұмаев Астанадағы баспасөз мәслихатында.

Альпинист тағы басқа қиындықтар туралы тілшілердің сауалына жауап берді.

Эверест - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақ қызы әлемдегі ең биік шыңды бағындырады

"Әжетханаға барғанда тоңып қаласың. Әдеттегі шыңға шығу, жаңа ештеңе жоқ. Мұнымен 20 жылдан бері айналысып келемін. Үйреніп кеттім, әр жерің қажалып қалады. Әкетіп бара жатқан ештеңе жоқ", — дейді Жұмаев.

Жұмаев қандай қиындыққа кез болса да, кері қайтуға еш себеп жоқ екенін айтты.

"Шың басында мәңгі қалған мәйіттерді көрсек те, альпинистің сағын сындырмауы тиіс. Оған дұрыс қарасаң, керісінше, жігеріңді арттырады. Біз, альпинистер, әлемнің ең биік шыңын бағындыру жолында ажал құшқан адамдарға құрметпен қараймыз", — деді қазақстандық.

Капитан Жұмаев – ҚР-ның альпинизм бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әскерінің Орталық спорттық клубы Тауға дайындық орталығының офицері.

Жаңалықтар
0