Өңірлер

Астанада автобус екі қызды қағып кетті

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЖедел жәрдем
Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Астана LRT" хабарлағандай, қыздар тротуармен келе жатып, қозғалыс жолағына шыққан

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Астанада Bus Lane жолағында автобус 28 және 25 жастағы екі қызды қағып кетті.

"Бүгін 14.45-те Абай көшесі бойында "Жаннұр" сауда үйінің алдында Уәлиханов көшесіне қарай 50 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан автобус екі жаяу жүргіншіні қақты. Олар сол бағытта тротуармен келе жатып, артына қарамастан қозғалыс жолағына шығып кеткен", — деп мәлімет берді "Астана LRT" баспасөз қызметі.

"Астана LRT" атап өткендей, зардап шеккендер қалалық аурухананың қабылдау бөлімінде қаралып жатыр.

Жергілікті полиция қызметі оқиға орнын қарап шығып, хаттама толтырған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0