АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Өскеменде Абай даңғылындағы сауда үйі алдынан ер адамның денесі табылды.
YK-news.kz жергілікті басылымы жазғандай, қаза тапқан кісінің қасында мүгедектер арбасы болған.
Қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, денесінен жарақат белгілері табылмапты.
Қазір ер адамның кім екені анықталып жатыр.