Экономика

Қазақстан Эксимбанкіне жеке тұлғаларға шот ашуға тыйым салынды

CC0 / / Банк картасы
Банк картасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банктің Қазақстан Эксимбанкі мен Астана банкіне тыйым салуы туралы қаулысы бүгін күшіне енді

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Ұлттық банк Қазақстан Эксимбанкіне депозиттер қабылдап, жеке тұлғаларға шот ашуға тыйым салды.

Астана банкі - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Астана банкі" клиенттеріне алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін ескертті

Қаржы реттеушісі таратқан хабарламада айтылғандай, тиісті қаулы бүгін күшіне енген. Онда тыйымның үш айға созылатынын жазылыпты. Яғни, 2018 жылдың 29 мамыры мен 29 тамызы аралығында.

Сонымен бірге хабарланғандай, бұл шешім нормативтік құқықтық актілердің жүйелі бұзылуына байланысты қабылданған.

Бүгін Астана банкіне де сондай тыйым салынғаны туралы мәлімет шықты.

Ұлттық банк түсіндіргендей, екі жағдайда да жаңа депозиттер тартып, жаңа банк шоттарын ашуға тыйым енгізілген және банктің қазіргі депозиттері мен клиенттеріне әсерін тигізбейді.

Жаңалықтар
0