Қоғам

Бірнеше инфекция жұқтырған: Бекшин БАӘ-де уланғандар туралы айтты

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуЕкпе
Екпе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бекшин хабарлағандай, зардап шеккендердің бәрі тұтынушылар құқығын қорғау органдарына шағым түсірмекші

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Араб Әмірліктерінде уланған қазақстандық туристер ауруханадан шықты, деп хабарлайды Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Жандарбек Бекшин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Ет жасыл түсті болған". Бекшин Қарағандыда ауызашарда уланғандар жайлы айтты

"Бірнеше инфекция жұққан: біразы сальмонеллез жұқпасымен ауырды, біразы стафилококк жұқтырған. Уланған сегіз қазақстандық та Астанада тұрады. Олар жұқпалы аурулар емханасына барған. Қазір бәрі емделіп шықты", — деді Бекшин тілшілерге.

Оның айтуынша, зардап шеккендер турды ұйымдастырған операторға шағымданып, тұтынушылар құқығын қорғау органдарына арыз бермек.

Естеріңізге сала кетсек, біраз қазақстандық Шардж курорттық қаласының Sheraton қонақ үйінде уланып қалған еді.

Жаңалықтар
0