Қоғам

Министр: Қытайда ұсталған этникалық қазақтар босатылды

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтуПосетители уличного кафе в Китае, архивное фото
Посетители уличного кафе в Китае, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосында қиын жағдайға тап болған 170-ке тарта этникалық қазақ туралы ақпарат бар

АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik, Нұргүл Абай. ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қытайда ұсталған 12 Қазақстан азаматының тоғызы босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр қос азаматтық алған этникалық қазақтардың мәселесі елдің сыртқы саяси ведомствосы мен үкіметінің басты назарында екенін атап өтті. 

Қазақстан мен Қытайдың тулары - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан Қытайда ұсталған этникалық қазақтарды босатуды сұрады

"Біз күн сайын бұл мәселе бойынша жұмыс жүргіземіз. Іске шет елдердің консулдық қызметтері, біздің мекемелер тартылған. Үкіметаралық келіссөздерде қарастырамыз. Біздің ҚХР-мен ынтымақтастығымыз туралы айтсақ, келіссөздер жүргізуге ешқандай кедергі жоқ. Сәуір айында екі маңызды іссапар болды. Қазақстандық делегацияның Қытайға сапары барысында біраз мәселе көтерілді. Соның ішінде Қытайда ұсталған 12 Қазақстан азаматының мәселесі қозғалды. Қытай тарапының түсіндіруі бойынша, олар ҚХР азаматтығынан шығу процедурасын дұрыс рәсімдемеген. Келіссөз нәтижесінде тоғыз азаматымыз босатылды. Қалған үшеуі бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр", — деді Әбдірахманов. 

Оның айтуынша, сыртқы істер министрлігінде қиындыққа тап болған 170-тей этникалық қазақ туралы ақпарат бар. 

"Олардың туыстары бізге жүгінді, жұртшылықтан ақпарат алып жатырмыз. Олардың тағдырына бей-жай қарамаймыз. Бірақ сіздер мынаны түсінулерің керек, Қытай азаматтары туралы сөз болғанда, халықаралық Вена конвенциясына сәйкес, басқа мемлекеттің ішкі істеріне араласуға жол берілмейді. Сондықтан бұл өте нәзік мәселе", — деді министр.

Жаңалықтар
0