Өңірлер

Қарағандыда ауызашар берген үй етті базардан алғанын дәлелдеуге мәжбүр болды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЕт, архивтегі фото
Ет, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағандыда ауызашарға барған адамдар жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Қарағандыда ауызашардан шыққан 20 адам астан ұшынып ауруханаға түсті. Жағдайы ауыр үшеуін  тіпті жансақтау бөліміне жатқызуға тура келген, деп хабарлады КТК. 

Ауызашар берген үйдің иелері болса, базардан алынған еттен ұшындық дегенді айтады. Қазір олардың жеген астары зертханада тексеріліп жатыр.

Мешіт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана мешіттерінде бір ай бойы ауызашар беріледі

Осыдан 3 күн бұрын ауызышарға шақырылғандар бүк түсіп аурухана төсегінде жатыр. Барлығы да сол отырыстан кейін өздерін жайсыз сезініпті. Ересектердің ағзасы алғашында сыр бермесе, кішкентай балалардың бірден іші өтіп, ыстығы көтерілген.

"Ең бірінші бауырымның 6 жастағы баласы реанимацияға түсті. Сондан кейін менің 5-тегі қызым ауырды. Ақырында 20 адам жаттық осында", — дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Құндыз Ақеділова.

Жансақтау бөлімінде жатқан кішкене балалардың жағдайы тұрақты түрде ауыр деп бағаланып отыр. Бәріне тиісінше ем-дом жасалып жатыр екен. Сондықтан қатты алаңдауға негіз жоқ, беттерін бері қаратамыз дейді дәрігерлер.

"Қажетті ем-домның барлығы жасалып жатыр. Жағдайлар тұрақтанды. Бір науқасты ертең жансақтау бөлімінен ортақ палатаға шығарамыз. Науқастардан қажетті сараптамалардың барлығы алынып, зертханаға жіберілді", — деп түсіндірді дәрігер Ботагөз Жантақбаева.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас мүфти жамағатты Рамазан айында қайырымды істер жасауға шақырды

Ауызашарға елді жинаған үй иелерінің айтуынша, асқазанды құртқан бұзылған ет екен. Дегенмен мамандар қала базарларынан еттен өзге тамақтың түр-түрін алған отбасының бұл сөзін негізге алған жоқ. Олар енді сараптама қорытындысын күтеді. 

Ал сараптама қорытындысы 3-4 күнде шығуы тиіс. Мамандар ішті өткізген ет болған күннің өзінде де ауызашар бергендер ол етті алған жерді көрсетіп, дәлелдеуі керек. Өйткені еттің базардан емес, басқадан алынбағанына да кепілдік жоқ дейді олар.


Жаңалықтар
0