Қоғам

"Полный маразм". Министрлік өкілінің жауабы депутаттың ашуын туғызды

© Sputnik / Игорь Агеенко / Медиабанкке өтуҚұрылыс
Құрылыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін ИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаев "Нұрлы жер", "7-20-25" бағдарламалары ауылдарда іске асыруға келмейтінін айтқан болатын

АСТАНА, 28 мамыр – Sputnik. ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Мұрат Теміржанов тұрғын үй бағдарламаларында ауыл тұрғындарына баспана салу бағыты қарастырылмағанына ашуланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ауылдағы жеке тұрғын үй құрылысы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ауылдар үшін жеке тұрғын үй бағдарламасы әзірленеді

Мәжілістегі үкімет сағатында депутат Мұрат Теміржанов инвестициялар және даму министрлігінің өкілінен ауылдарда жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі қашан толық шешілетінін сұрады. 

"Ауылдарда баспана салуға арналған арнайы бағдрлама жоқ. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша, сіздер білесіздер, сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй бар. Қазір республика бойынша 3 мың пәтер салынып жатыр. Бірақ бұл бағдарламада да ауылдық елді мекендер қамтылмаған. Кредиттік баспана бар, олар негізінен қалалар мен облыс орталықтарында тұрғызылуда. Содан кейін жеке тұрғын үй құрылысына инфрақұрылым тартуға 80 миллиард теңгеге дейін ақша бөлінеді. Оның 50 проценті ауылдарға, қалған 50 проценті қалаларға", — деп жауап берді ҚР ИДМ құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов.  

"Владимир Карпович (мәжіліс төрағасының орынбасары – автор ескертп.), бұл деген парадокс. Бізде халықтың 43 проценті ауылдық елді мекендерде тұрады. Жақында "7-20-25" бағдарламасы қолға алынды. Ал министрліктің ресми өкілі ауыл халқы тұрғын үй бағдарламаларының ешқайсысында қарастырылмаған дейді. Бұл деген "полный маразм", — деп ашуланды Теміржанов. 

Айта кетсек, бұған дейін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ауыл тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін жеке тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу керектігін айтқан болатын. Айтуынша, қазіргі "Нұрлы жер", "7-20-25" бағдарламалары ауылдарда іске асыруға келмейді.

Жаңалықтар
0