Әлем

Германияда 25 мың адам исламдандыру мен өшпенділікке қарсы митингке шықты

© Associated PressГермания полициясы
Германия полициясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Берлиннің әр аумағында үш наразылық шеруі өтіп, халық көші-қон мен өшпенділікке қарсылығын білдірді

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Берлинде жексенбі күні бірнеше наразылық шеруі болды, 25 мыңнан астам адам митингке шыққан, деп хабарлайды РИА Новости Frankfurter Allgemeine Zeitung (FAZ) газетіне сілтеме жасап.

Астанада саяси тұтқындарға қолдау ретінде митинг өтті - Sputnik Қазақстан
Видео
"Саяси тұтқындарға бостандық": Астанада рұқсат етілмеген митинг болды

Басылым хабарлағандай, наразылық шерулерінің бірін "Германияға альтернатива" деп аталатын оңшылдар партиясы ұйымдастырған. Полиция мәліметіне сүйенсек оған 5 мыңнан астам адам қатысып, "Болашақ Германия үшін" деп ұрандатқан. Олар ФГР канцлері Ангела Меркельдің үкіметі саясатына, Германияны исламдандыруға және көші-қонға қарсы шығыпты.

Бұдан бөлек, бұл күні 20 мыңнан астам адам "Германияға альтернатива" париясы мен төзбеушілікке қарсы митингке шыққан. Олар "Өшпенділікті қойыңдар! Германияға альтернативаны тоқтатыңдар!" деген ұран тастады. Полиция деректері бойынша бірнеше мың адам рейхстаг ғимараты алдындағы орталық митингке қатысты.

Жаңалықтар
0