Өңірлер

ОҚО-да бір түнде көз жанарынан айырылған кәсіпкер 100 қап ұн таратты

Жазылу
26 жылдан бері денсаулық саласында кәсібін дөңгелетіп келе жатқан қайырымды жанға зағиптардың айтар алғысы мол болды

АСТАНА, 27 мамыр — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облыстық зағиптар қоғамында сауаптар молынан жазылатын қасиетті Рамазан айында мүмкіндігі шектеулі жандарға 100 қап ұн таратылды, деп хабарлайды otyrar.kz. 

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас мүфти жамағатты Рамазан айында қайырымды істер жасауға шақырды

Қайырымдылық шарасына ұйытқы болған Жұманәлі Сыздықовтың өзі 1-ші топтағы мүгедек. Тағдырластарына тарту жасауды жыл сайын ұмытпайды. 55 жастағы кәсіпкер 29 жасында бір түнде көз жанарынан айырылған. 26 жылдан бері денсаулық саласында кәсібін дөңгелетіп келе жатқан қайырымды жанға зағиптардың айтар алғысы мол болды.

"Бізбен тағдырлас, 1-ші топ мүгедегі Жұманәлі Сыздықов жыл сайын осындай сауапты істердің ұйытқысы болып жүреді. Алғысымызды білдіреміз. Қасиетті Рамазан айында жасаған әрбір қайырымды ісінің сауабы еселенсін!," — дейді Бәкір Әбдікұлы. 


Жаңалықтар
0