Әлем

Қыздың ішінен теуіп, аяусыз ұрған әйел қазақ па, қырғыз ба?

© SputnikКүйзеліске түскен әйелдің архивтегі фотосы
Күйзеліске түскен әйелдің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Қырғызстанның ішкі істер министрліктері әлеуметтік желіні дүрліктірген видеоның қайда түсірілгенін анықтап жатыр

АСТАНА, 27 мамыр — Sputnik. Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде әйел адам шамамен үш жастағы қызды аяусыз ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео жарияланған болатын. Қазақстандық БАҚ-та полицейлер видеодағы адамдарды іздеп жатқаны жайлы мәлімет тарады. Ролик Қырғызстанда да шу туғызып, көрші елдің ішкі істер министрлігі видеоның қайда түсірілгенін анықтауға кірісіпті. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан жазды. 

Бала - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысында бала күтуші 3 жасар бүлдіршінді ұрып-соққан

Видеода әйел диванда жатқан баланың ішінен тепкілеп жатқаны анық көрінеді. Кейін ол қыздың қолын аяғымен қоса ұстап, қабырғаға ұрады, содан соң  еденге қойып, пышақ кезенген, алайда видеоға түсіріп тұрған ер адам оны тоқтатып қалған, әйел пышақты лақтырып жібереді.     

"ІІМ видеоны зерттеп, ол Қырғызстанда түсірілген-түсірілмегенін анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жазба Интернетте таяуда пайда болған", — деп түсініктеме берді Қырғызстан ІІМ.    


Жаңалықтар
0