АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Алматы облысында полицейлер Байсерке ауылынан қашып кеткен 14 жастағы қызды тапты, деп хабарлайдын өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Жетінші мамырда Іле АІІБ-не қыз баланың жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен, қызметкерлер жасөспірімнің туыстарымен бірге іздеуге кірісіп, оқушы қыз екі аптадан соң Алматы аумағынан табылды.
"Қыз бала үйінен бірнеше мәрте қашып кеткен. Ювеналды полиция инспекторлары бұл жолы оқушыны Алматыда тапқан, ол құрбыларының бірінің үйінде болыпты. Полицейлер қызды іздеу барысында, бүкіл мекенжайларды тексеріп, ауқымды жұмыс атқарды", — деп атап өтті полиция.