АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. Алматыда Құрманғазы мен Пушкин көшелері қиылысатын аумақта жас жігіттің мәйіті табылды.
Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген суреттер жарияланды. Фотоға пікір білдірген адамдар жас жігітті аяусыз соққыға жығып кеткенін айтып жатыр. Ақпаратты ішкі істер департаменті растады.
"Полицейлер қылмыстың ізін суытпай ашты. Спирттік ішімдік ішу салдарынан жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан", — деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
Қылмысқа күдікті ұсталды.