Өңірлер

Оралдағы қанды оқиға: бұрынғы күйеу баласы жарақаттаған ер адам көз жұмды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуДәрітамызғыштың архивтегі фотосы
Дәрітамызғыштың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам ішінен жарақат алғаннан кейін ауруханада екі апта бойы хал үстінде жатқан

АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. Оралда бұрынғы күйеу баласының қолынан зардап шеккен ер адамды дәрігерлер аман алып қала алмады. 

Қару. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оралда ата-анасын күйеуі атып кеткен әйел оқиғаның қалай болғанын айтты

"Мой город" порталы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, науқас хал үстінде болған. Дәрігерлер оған екі күрделі ота жасапты. Дегенмен 24 мамырдың түнінде ол алған жарақатынан көз жұмды.    

Трагедия 10 мамыр күні болды. 38 жастағы ер адам бұрынғы әйелінің ата-анасын атып тастаған. Әйел сол жерде жан тапсырды, ішінен жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды. Кейінірек марқұм болғандардың қызы ата-анасын бұрынғы күйеуі жеті жасар ұлының көзінше атып тастағанын айтты.    

Оралда сот күдіктіні тұтқындауға санкция берді. Қылмыстық іс қозғалды.   


Жаңалықтар
0