Өңірлер

"Балаларды ренжітпеңдер". Баталов Назарбаевтың орталығы қалай салынғанын айтты

© Photo : Служба центральных коммуникацийАмандық Баталов
Амандық Баталов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының негізгі бағыттары аясында 308 жобаны жүзеге асыруға 37,1 млрд теңге бөлінген

АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қазақстан президенті дүниеге келген Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы қалай бой көтергенін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кітап - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Маңғыстауда Әбіш Кекілбаев атындағы үлкен рухани орталық салынады

"Біз Шамалған ауылында тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың "Атамекен" орталығын салдық. Бұған дейін ауылда дәл осындай музей жұмыс істеген еді. Мұражай мектептің ішінде орналасты, Елбасының туып-өскен жерін көруге жан-жақтан адамдар келетінін білесіздер. Сондықтан бұл өте ыңғайсыз еді. Мектепті музейге айналдырғымыз келген сәттер де болды. Бірақ президент "олай істемеңдер, балаларды ренжітпеңдер, сабағын оқи берсін" деп тыйым салды",- деді облыс әкімі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, "Атамекен" тарихи-мәдени орталығын тұрғызу идеясы осыдан кейін туған. 

"Орталық құрылысына бизнесмендер қаржы құйды, ғимарат толығымен демеушілердің ақшасына салынды. Біз орталықтың айналасын абаттандырып, саябаққа айналдырдық. Бүгінде оны "Рухани жаңғыру" бағытында маңызы зор орталық деп санаймын", —деді әкім.

Астана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Президент "рухани жаңғырудың" мән-маңызы неде екенін түсіндірді

Айта кетсек, "Атамекен" тарихи-мəдени орталығы өткен жылдың желтоқсанында ашылды. Орталықта  ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының қоры мен кітапханасы, Тұңғыш Президенттің музейі, Президент Іс басқармасы, ҚР Ұлттық кітапханасы, Шамалған ауылының мектеп-музейі, Қарасай аудандық тарихи өлкетану музейі берген құжаттар, кітаптар, фотоматериалдар жиналған. Жаңа орталықта экспонаттар Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметінің, Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының  негізгі кезеңдеріне сәйкес хронологиялық ретпен орналастырылған.

Алматы облысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының негізгі бағыттары аясында 308 жобаны жүзеге асыруға 37,1 млрд теңге бөлінген.

Жаңалықтар
0