Қоғам

Астанада көпбалалы отбасыларға қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік жасалады

© SputnikАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көпбалалы отбасылар қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік беретін көлік картасын алуға құқылы

АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Астанада көпбалалы отбасыларға қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік жасалады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Аялдамадағы автобус - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қоғамдық көлікте жолақы төлемеген жолаушыларға айыппұл салынады

"2018 жылы төртінші баланы тууға байланысты біржолғы жәрдемақыны тағайындауға хабарласқандар және көпбалалы отбасы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алмайтын отбасылар қалалық қоғамдық көлікте тегін жол жүру үшін жеңілдік беретін көлік картасын алуға құқықтары бар",  — деп хабарлайды ресми сайт Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына сілтеме жасап. 

Осыған орай, осы санаттағы азаматтар басқармаға хабарласуы қажет. Өзімен бірге ата-аналардың біреуінің жеке куәлігі, барлық баласының туу туралы куәлігі және бүкіл отбасы мүшелеріне арналған мекенжай анықтамасын ала келу керек. 


Жаңалықтар
0