Спорт

"Канелоның" промоутері Головкинді реванш өтпей қалуы мүмкін деп қорқытты

© AP Photo / John LocherСауль "Канело" Альварес
Сауль Канело Альварес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оскар де ла Хойя егер GGG келісімшартқа қол қоймаса, Джейкобс немесе Сондерспен келіссөз жүргізетінін мәлімдеді

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Golden Boy промоутерлік компаниясының бас директоры Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело"Альварестің екінші жекпе-жегін ұйымдастыру өздерінің басты мақсаты екенін, алайда GGG келісімшартқа қол қойғысы келмесе, қол қусырып қарап отырмайтынын ескертті, деп хабарлады Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин соққысы жойқын боксшылардың үштігіне кірді

"Әрине, Головкин мен "Канелоның" екінші жекпе-жегін бәріміз көргіміз келеді. Алайда егер келісімшартқа қол қоймаса, мен Дэниэл Джейкобспен немесе Билли Джо Сондерспен келіссөз жүргіземін. Дегенмен GGG-ге басымдық беріледі. "Канело" қыркүйекте жұдырықтасады", — деді Де ла Хойя Villainfy Media-ға берген сұхбатында.

Головкин — Альварес реваншы 15 қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр.  


Жаңалықтар
0