Оқиға

Астанада жатақханадағы өртті 48 адам сөндірді

© Sputnik / Сергей КимӨрт сөндіруші
Өрт сөндіруші - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жалын 250 шаршы метрге шарпыған. Зардап шеккен адамдар жоқ

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Астанада екі қабатты жатақханадан өрт шықты. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов хабарлады.

Лифт - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оралда жатақхана лифтінен өрт шықты

"Бүгін сағат 16.25-те жедел кезекші пультіне жатақхана ретінде қайта жабдықталған екі қабатты құрылыстың шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Шақыру орнына шұғыл түрде мемлекеттік өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдары жіберілді", — деді Иманқұлов. 

Оның айтуынша, өртті сөндіруге 48 өрт сөндіруші және 14 бірлік техника жұмылдырылған.

Өрт сағат 16.55-те оқшауланып, 17.03-те толық жойылды.

Қызыл жалын 250 шаршы метрге шарпыған. Зардап шеккен адамдар жоқ. 


Жаңалықтар
0