АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. Қостанай облысы Восток ауылында 11 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.
Төртінші сынып оқушысының денесі 21 мамырда табылған. Күдікті тәулік ішінде қолға түсті. Қарасу ауылында тұратын 46 жастағы ер адам қылмысын мойындады.
"Қарасу ауданы Шығыс ауылында Ресей Федерациясының азаматы ұсталды, ол қылмысын жасыру мақсатында 4-сынып оқушысын өлтірген", — деді Сәдубаев брифингте.
Тәжірибелі тергеушілер істі қолға алды.