Өңірлер

Самал Еслямоваға Петропавлдан пәтер сыйға берілді

© Photo : пресс-служба акима СКОСамал Еслямоваға Петропавлдан пәтер сыйға берілді
Самал Еслямоваға Петропавлдан пәтер сыйға берілді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәскеуде тұратын Самал Еслямова Петропавлдағы пәтердің иесі атанды

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақалов Канн фестивалінде марапатқа ие болған актриса Самал Еслямоваға Петропавлдағы үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Самал Еслямова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Актер болуды армандаған емеспін". Самал Еслямова қазақстандық журналистермен кездесті

Бейсенбі күні облыстық әкімдікте Самал Еслямовамен кездесуге актрисаның туған-туыстары, ұстаздары, өзі оқыған өнер колледжінің студенттері жиналды.

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов атап өткендей, Самал – Солтүстік Қазақстанның ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы.

"Біздің еліміздің және ТМД мемлекеттерінің бірде-бір актері мұндай жоғары марапатқа ие болған жоқ. Қазақстанның тумасы – фильм режиссері Сергей Дворцевоймен бірге жеткен жетістігің – қазақстандық киноиндустрияны дамыту және насихаттау саласында келер ұрпақ үшін үлгі", — деді Ақсақалов.

Актриса өңір басшысы мен жиналғандарға ыстық ықыласын білдірді.

"Ата-анама, ұстаздарыма, менімен осынау қуанышты бөліскен бүкіл солтүстік қазақстандықтарға алғысым шексіз. Туған үйіңде ерекше сезімге бөленесің… Мен сондай бақыттымын", — деді Еслямова.

Солтүстік Қазақстан тумасы Самал Еслямова "Айка" фильмінде ең үздік әйел рөлін сомдағаны үшін Канн фестивалінің сыйлығына ие болған.

Жаңалықтар
0