Ағаштар майысып, "Байкен" мешітінің қаптамасы опырылып түсе бастаған. Бұл ақпаратты Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет Sputnik Қазақстан тілшісіне растады.
Синоптиктер кеше ғана дабылды ескерту жариялаған еді. Олардың мәліметінше, 23 мамырда Алматыда күн күркіреп, желдің екпіні 20 м/с болады.
Синоптиктер мен құтқарушылар бағана, ағаш, жарнама қалқандары мен электр желісі бағаналарынан аулақ жүруге, көліктерді ағаштар мен ескі ғимараттардан оқшау қоюға кеңес береді. Құрылыс нысандарында жұмысты шектеу қажеттігі ескертілді.