Өңірлер

Астана қаласы мен еліміздің бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

Жазылу
Синоптиктер 23 мамырға ауа райы болжамын жасады

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Ертең 23 мамырда Астана қаласы мен бірнеше облыста қатты желге байланысты дабылды ескерту жарияланды.

Астанада бұршақ аралас нөсер жаңбыр құйып өтті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада бұршақ аралас нөсер жаңбыр құйып өтті

23 мамырда Ақмола облысында солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Астана қаласында солтүстік және солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

Жамбыл облысында күндіз найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, таңертең және күндіз кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с. Кей жерлерде тұман түседі. Тараз қаласында күндіз найзағай, дауыл, бұршақ болуы мүмкін, солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысып, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, оқтын-оқтын ұйытқуы 25 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаууы ықтимал. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с. Өскемен қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20 м/с.

Дауыл - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанадағы дауылдан кейін 13 адам жедел жәрдем қызметіне жүгінді

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20, кей жерлерде ұйытқуы 23-28 м/с. Түнде кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін. Петропавл қаласында солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 15-20, ұйытқуы 25 м/с.

Алматы облысында күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел бағытын солтүстік-батысқа өзгертіп, күндіз кей жерлерде екпіні 18-23 м/с дейін жетеді. Талдықорған қаласында күндіз найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 18-23 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Күні бойы кей жерлерде оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз ұйытқуы 23 м/с, шаңды дауыл соғады.

22-24 мамырда Қызылорда облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Жаңалықтар
0