АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады. Президенттің баспасөз қызметі YouTube-те видео жариялады.
Президент "Challenge Другой ты!" атты республикалық спорттық бастамаға қолдау білдіріп, акцияға қатысушыларға видеоүндеу жолдады.
Шараның мақсаты – ел тұрғындары арасында дене шынықтыру мен саламатты өмір салтын дәріптеу. Акция аясында отандық спорттағы, мәдениет пен масс-медиадағы белгілі тұлғалардың қатысуымен ашық жаттығулар өткізу жоспарланып отыр.