Оқиға

Қостанайдағы жантүршігерлік қылмыстың мән-жайы анықталды

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кісіні пышақтап өлтірген ер адам уақытша ұстау абақтысында отыр

АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. Ішкі істер департаменті Қостанайда көпқабатты үй қасында болған жантүршігерлік қылмыстың себебін айтты.

Пышақ - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанайда полицей сүйіктісін қызғаныштан өлтіріп, өз-өзіне қол салды

20 мамыр күні полицияға түскен хабар бойынша Текстильщики көшесі бойындағы үй ауласында белгісіз біреу ер адамды пышақтап кеткен. Күдікті көп ұзамай ұсталды.

Кейінірек анықталғандай, 19-20 мамыр аралығында күдіктінің қолында кәмелеттік жасқа толмаған баласы болыпты. Бұрынғы әйелі жігітінің інісімен бірге баланы алып кетуге келеді.

Қызғаныштан ашуға булыққан 48 жастағы күдікті 42 жастағы ер адамға әуелі пәтерде пышақ сұғып, кейін подъезге кіреберісте пышақтаған. Оқиға орнынан қашқан ол терезеден секіріп кетеді, бірақ кейін полиция қызметкерлері оны қолға түсірді.

Полиция берген мәліметке сүйенсек, күдікті уақытша ұстау абақтысында отыр. Бұрын сотталыпты.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.

Жаңалықтар
0