Өңірлер

БҚО-да 6-сынып оқушысы үш жасар баланың өмірін құтқарып қалды

CC0 / / Балалар
Балалар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрдәулет Айболатов еш ойланбастан суға секіріп, 3 жасар ұлды жағаға алып шыққан

АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 6-сынып оқушысы Нұрдәулет Айболатов суға батып бара жатқан 3 жасар бүлдіршінді құтқарып қалды, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.

Өрт - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Петропавлда полицей қарт кісіні өрттен құтқарды

Оқиға 5 мамыр күні БҚО Қазталов ауданы Қошанкөл ауылында болды.

Қазталов ауданы әкімі аппараты жетекшісінің міндетін атқарушы Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, 6 сынып оқушысы Нұрдәулет Айболатов су қоймасына батып бара жатқан 3 жасар ұлдың өмірін құтқарып қалған. 

"Нұрдәулеттің әкесі Асқар Әткешевтің "Нұрдәулет" шаруа қожалығы бар. Сол күні қожалық иесінің 2 бас малы жайылымнан қайтпай, әкесі ұлын оларды тауып әкелуге жіберген. Нұрдәулет үйінің маңындағы су қоймасының жанынан өтіп бара жатқанда, судан баланың аяғы шығып тұрғанын көреді. Ол еш ойланбастан суға секіріп, 3 жасар Аршатты жағаға алып шыққан", — деп баяндап берді Дүйсенғалиев. 

Нұрдәулет ес-түссіз жатқан бүлдіршінге алғашқы көмек көрсетіп, кейін ересектерді шақырған. 

"Алғашқы көмекті кімнен үйренгенін сұрағанымызда, ол мектепте суға кеткен адамға қалай көмек көрсету керектігі туралы суреттермен безендірілген плакаттар ілулі екенін айтты", — дейді Дүйсенғалиев.

Ер адам - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жасөспірім өз-өзін өлтірмек болған ер адамды құтқарды

Белгілі болғандай, 3 жасар Аршат Нұрдәулетпен көрші тұрады екен. Сол күні ата-анасы кіші ұлдарын үлкен балаларымен бірге көшеге ойнауға шығарған. Алайда үлкендер інісіне бас-көз бола алмаған.

Дүйсенғалиевтің айтуынша, жас қаһарман Нұрдәулет Айболатов сабағын жақсы оқиды, бос уақытында күреспен шұғылданады. Оның үстіне салт атқа мінгенді жақсы көреді, әкесіне көмектеседі. 

"Жақын арада аудан басшылығы жас батырды міндетті түрде грамота және сыйлықтармен марапаттайды", — деді ол.

Жаңалықтар
0