Өңірлер

Дабылды ескерту: Қазақстанның батысында аптап ыстық болады

© Sputnik / Ксения Воронинаауа-райы болжамы
ауа-райы болжамы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
22-24 мамырға арналған ауа-райы болжамы

АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Ауа-райына жоғары атмосфералық қысым өрісі ықпал ететін болады, сондықтан еліміздің басым бөлігінде ауа-райы жауын-шашынсыз болады.

Бірақ солтүстік облыстардың кейбір аудандарында аздаған жаңбыр жаууы ықтимал. 

Республиканың шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты шамалы жаңбыр жауады.

"Қазақстанның шығысында ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градус төмен, ал батысында нормадан 4-6 градус жоғары күйінде сақталады", — деп хабарлайды синоптиктер. 

Атырау облысында 21-22 мамырда 37 градус ыстық болатындықтан дабылды ескерту жарияланды.


Жаңалықтар
0