АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. Хоккейден әлем чемпионатының финалында Швеция құрамасы Швейцария командасын буллиттен жеңіп кетті.
РИА Новости хабарлағандай, Копенгагенде жексенбі күні өткен кездесу 3:2 (1:1, 1:1, 0:0, 0:0, 1:0) есебімен аяқталды. Швейцария командасы негізгі уақытта Нино Нидеррайтер (17-минут) мен Тимо Мейердің (24-ші) голы арқасында алға шықты. Алайда овертаймда Густав Нюквист (18-ші) пен Мика Зибанежад (35-ші) есепті теңестірді. Қосымша 20-минутта командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмады, ал буллиттер сериясында швециялықтар мергендік танытты. Шешуші соққыны Филип Форсберг жасады.
Шведтер қатарынан екінші жыл және тарихта он бірінші рет хоккейден әлем чемпионы атанды. Бірде-бір рет әлем чемпионатын жеңбеген швейцариялықтар үшінші рет күміс жүлдегер атанып отыр.
Бұған дейін АҚШ командасы Канада құрамасын 4:1 есебімен жеңіп, үшінші орынды иеленген болатын.