Әлем

Парашютпен секірген кезде екі адам бір-біріне соғылып қаза болды

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтуПарашютист, архив суреті
Парашютист, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаза болғандар тәжірибелі спортшылар, әрқайсысы кемінде 600 рет парашютпен секірген

АСТАНА, 20 мамыр — Sputnik. Татарстанда парашютпен секірген екі адам аспанда бір-біріне соғылып қаза болды. Бұл оқиғаның мән-жайын Ресейдің тергеу комитеті анықтап жатыр, деп хабарлайды өңірдегі тергеу басқармасы. 

94 жастағы қария туған күнінде парашютпен секірді - Sputnik Қазақстан
Видео
94 жастағы қария туған күнінде парашютпен секірді

19 мамырда күндіз Мензелин ауданында жеті спортшы 4 мыңнан 1,6 мың метрге дейінгі  биіктіктен секірген. Парашюттер ашылған уақытта бір спортшы екіншісіне келіп соғылған. Екеуі де естен танып қалады, олар қосалқа парашютпен жерге түскен. Біреуі жедел жәрдем көлігінде, екінші ер адам ауруханада көз жұмады. 

Аэроклуб қызметкерлерінің айтуынша, қаза болғандардың әрқайсысы кемінде 600 рет парашютпен секірген. 

"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті іс-шаралар жүргізілуде. Тексеріс нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", — деп жазылған хабарламада. 

 

 

Жаңалықтар
0