Видео

Полиция Астанада неліктен ақша "жауғанын" анықтауға кірісті

Жазылу
Әлеуметтік желілерде Астана қаласы көшелерінің бірінде адамдар желге ұшқан он мың теңгелік купюраларды жинап жүргені жайлы видео жарияланды.

"Он мың теңгеліктер ұшып жүр, жігіттер жинап жатыр", — деп түсініктеме берді ролик авторы.

Автордың айтуынша, видео18 мамыр күні Бөгенбай батыр даңғылы мен Бейбітшілік көшесінің қиылысында түсірілген.  

Елорда ІІД аталған факті туралы мәлімет түспегенін хабарлады, алайда полицейлер видеороликке қызығушылық танытып, оны тексеріп жатыр.   


Жаңалықтар
0